Қазақстанға қай елдерден азаматтар жиі көшіп келетіні белгілі болды
Жарияланған күні:
ОКҚ-дағы брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі сыртқы миграцияда оң динамика байқалатынын айтты. Қазақстанға көбінесе ТМД елдері мен Қытай азаматтары көшіп келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2024 жылы сыртқы миграцияда оң динамика байқалып отыр. Бұл динамика кейінгі екі жылда сақталып отыр. Жыл басынан бері Қазақстанға 14 мың адам қоныс аударып, 7 мың адам кеткен. Қазақстанға көбінесе ТМД елдері мен Қытай азаматтары қоныс аударады. Олардың көпшілігі жоғары білімді. Олар – техникалық мамандар, педагогтар, экономистер", - деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Аскарбек Ертаев.
Оның айтуынша, Қазақстандағы ішкі миграция да өсіп жатыр – өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артқан. Жыл басынан бері ел ішінде 688 мың адам көшіп келген. Олардың көпшілігі – облыс ішінде, яғни 381 мың адам.
"Мегаполистер ішкі мигранттарды тартатын орталық болып қала береді. Мәселен Астанаға тұрақты тұруға 64 мыңнан астам адам, Алматыға шамамен 60 мың адам, ал Шымкентке 31 мыңнан астам адам көшіп келді", - деді Ертаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163933-qazaqstanga-qai-elderden-azamattar-zhii-koship-keletini-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.