Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкпар дауынан кейін арандатушылық сипаттағы видео жариялаған қырғызстандық анықталды

Жарияланған күні:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар дауы аясында арандатушылық видео жариялаған қырғызстандықты анықтады. Видео авторы екі елден де кешірім сұрады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігі.

Қолданушы әлеуметтік желіде КамАЗ жүргізушісі ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып, лақтырып жіберген видеоны таратқан. Бұл қазақстандықтардың, қырғызстандықтардың да ашуын тудырды.

Ведомство мәліметінше, видеоның 21 жастағы авторын мемлекеттік комитетке апарып, әңгіме жүргізген. Ол эмоцияға берілгенін мойындап, екі елден да кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына уәде берді.

"Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі ел арасындағы бауырластық және достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін", - деп ескертті ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164257-kokpar-dauynan-keiin-arandatushylyq-sipattagy-video-zhariialagan-qyrgyzstandyq-anyqtaldy/