"Балқаш аймағын мекендейді": Қазақстанға Нидерландыдан екі амур жолбарысы әкелінді
Жарияланған күні:
Нидерландыдан екі амур жолбарысы күзетшілердің бақылауымен жүк ұшағы мен вертолет арқылы арнайы транспорттық контейнерлерде Балқаш өңіріне жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Экология және табиғаи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта жолбарыстарды реинтродукциялау бағдарламасы бойынша Нидерландтан "Іле-Балқаш" резерватына амур жолбарыстарының келуі маңызды кезеңге жетті.
"Жылдар бойы WWF пен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында екі амур жолбарысы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватына Нидерландтағы "Святого льва" жабайы жануарларды сақтау орталығынан (Stichting Leeuw) жеткізілді. Бұл оқиға экожүйені қалпына келтіру және жоғалған биоәртүрлілікті қайтару жолындағы маңызды қадам болды.
Бағдарламаны экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті WWF және БҰҰДБ-ның қолдауымен іске асырып отыр. Богдана мен Кума "Іле-Балхаш" резерватындағы WWF-тың арнайы құрылған вольерлік орталығында тіршілік етіп, кейін олардың ұрпағын табиғатқа жіберу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасы аясында Тұран жолбарысын Орталық Азияда қалпына келтіру үшін ең қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы мен оның шығыс жағалауы таңдалды.
"Осыдан шамамен 15 жыл бұрын, 2010 жылы өткен Жер бетінде жолбарыстарды сақтап қалу мәселелері бойынша алғашқы халықаралық форумда Қазақстан мысықтұқымдас жабайы жыртқышты еліміздің табиғатына қайта оралтуға дайын екендігін хабарлаған болатын. Арада жеті жыл өткеннен кейін Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің ғалымдарының тынымсыз еңбегі нәтижесінде елімізде жолбарысты қайта жерсіндірудің бірегей бағдарламасы әзірленді. Осы уақыт аралығында алаңы 415 мың гектар жерді қамтитын "Іле-Балқаш" резерватын құрудан бастап оңтүстік Балқаш маңы экожүйесін қайта қалпына келтіруге дейін үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда біз көп еңбекті талап ететін жұмыстың және қызметкерлеріміздің өз істеріне адалдығының нәтижесін көріп отырмыз. Қазақстанға алғашқы жолбарыстар жеткізілді және осы атаулы оқиға бағдарлама міндеттерінің сәтті орындалғанын растайды", - деді сөзінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Биыл жазда WWF қолдауымен Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы және жануарлар дүиесі комитеті мен Нидерландының "Святой Льва" орталығы арасында Меморандум жасалды. Меморандумда 2 жолбарысты ақысыз беру және оларды Қазақстанға жеткізу туралы келісім болып, ал олардың ұрпақтарын жабайы табиғатқа қайта жіберу үшін одан әрі өсіру жоспарланды.
Осы демалыс күндері жолбарыстар тұрақты күзетшілердің бақылауымен жаңа үйіне жүк ұшағы мен вертолет арқылы арнайы транспорттық контейнерлерде жеткізілді. Қазіргі уақытта олар "Іле-Балқаш" резерватының қорықтық аймағының шекарасында орналасқан кіші вольерде акклиматизациядан өтуде. Бірнеше аптадан кейін оларды кеңірек вольерлерге шығарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164323-qazaqstanga-niderlandydan-eki-amur-zholbarysy-zhetkizildi-foto-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.