ҰҚК Шекара академиясы курсантының өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясы курсантының қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.
"2024 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан кезекті демалысқа босатылған 3-курс курсантының мәйіті табылды. Өліміне биіктен құлау себеп болған.
Полиция органдары сотқа дейінгі тергеуді бастады. Түрткі болған жағдайлары анықталуда", - делінген хабарда.
Еске салсақ, желіде Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының курсанты көпқабатты үйден секіріп қайтыс болды деген ақпарат пайда болды.
Полиция департаменті қайғылы жайтқа түсініктеме беріп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164432-uqk-shekara-akademiiasy-kursantynyng-olimine-qatysty-malimdeme-zhasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.