Ресейден жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсті деп айыпталған қазақстандық экстрадицияланды
Жарияланған күні:
Ресей Федерациясынан он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен деп айып тағылған қазақстандық ер адам экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен", - делінген қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.
Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, осы жылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталған.
"Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады
Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды", - дейді қадағалаушы орган өкілі.
Бұл қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164569-14-zhastagy-zhasospirimmen-zhynystyq-qatynasqa-tusti-dep-aiyptalgan-er-adam-reseiden-ekstraditsiialandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.