Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Такси шақырғанда байланыс нөмірі немесе жүргізушісі басқа болып шықса, қайда жүгінуге болады

Жарияланған күні:

такси қызметі
Такси қызметі. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда такси қызметіне жүгінетіндер үшін ескеретін жайттар бар. Мәселен, такси қызметін шақырғанда көлік нөмірі немесе жүргізушісі басқа болып шықса, жолаушы не істеу керек? KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Көлік министрлігі қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірге таксомоторлық тасымалдау саласында заңнама талаптарын сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Жолаушылар өз құқығын қалай қорғауы керек?

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сапар алдында және сапар барысында мына іс-қимылдарды жасауы қажет :

  • сапар басталар алдында көліктің маркасы мен нөмірін, сондай-ақ жүргізушінің фотосуретін таксиге тапсырыс беру сервисіндегі ақпаратпен салыстырыңыз;
  • егер ақпарат сәйкес келмесе, таксиге тапсырыс беру қызметіндегі сапардан бас тартыңыз және мұны қолдау қызметіне хабарлаңыз;
  • сапар кезінде қауіпсіздік белгісін тағуды ұмытпаңыз, тіпті артқы орындықтада;
  • жол жүру кезіндегі штаттан тыс жағдайлар туралы (жүргізушінің дөрекі немесе орынсыз мінез-құлқы, көліктің лас салоны, агрессивті немесе қауіпті жүргізу стилі, жүргізушінің жол ережесін бұзуы) қолдау қызметіне уақтылы хабарлаңыз.

"Жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жағдайда уақтылы құқық қорғау органдарын хабардар ету қажет", - деп ескертті ведомство өклідері.

Тасымалдаушыларға қойылатын талап қандай?

"Автомобиль көлiгi туралы" заңға сәйкес таксимен тасымалдауды іске асыру үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға болу қажет.

Ол қызметті іске асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға таксимен тасымалдау қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Бұл ретте таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолданумен тасымалдауларды тек таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушылары ғана іске асыра алады.

Бұған қоса Қазақстан аумағында шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі бар және рулi оң жақтан басқарылатын автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметке тыйым салынған.

Министрлік өклідері жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарын сақтаудың қажеттілігі туралы ескертіп белгіленген талаптарды бұзушылық үшін жауаптылық көзделгенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164599-taksi-shaqyrganda-bailanys-nomiri-nemese-zhurgizushisi-basqa-bolyp-shyqsa-qaida-zhuginuge-bolady/