Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жылу беріле бастады

Жарияланған күні:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Қазірдің өзінде мектеп, балабақша мен емхана сынды 139 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, қала мәслихатының шешімімен бекітілген Астанада жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.

"Әлеуметтік нысандарды қосу олардың өтінімдері бойынша жылыту маусымы басталғанға дейін орындалады. Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған (мектептер, балабақшалар, емханалар және тағы басқа нысандар)", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Екібастұзда әлеуметтік сала нысандарын жылыту маусымы 16 қыркүйектен басталды. Ал 21 қыркүйектен бастап көпқабатты үйлерге кезең-кезеңімен жылу берілгені хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164713-astanada-zhylu-berile-bastady/