ІІМ Алматыда қаза тапқан оқушылардың телефонын тексеру қорытындысын жариялады
Жарияланған күні:
Алматыда биіктен құлап кеткен оқушы қыздардың телефондарын тексеру барысында олардың өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін ойынға қатысқаны анықтаған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі 16 қыркүйекте Алматыда денелері табылған оқушы қыздардың телефонын тексеру нәтижесі туралы NUR.KZ тілшісіне хабарлады.
"Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған екі жасөспірімге қатысты айтар болсақ, олардың телефондары тексеріліп, суицидтік ойынға қатысу фактісі анықталмағанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта өшірілген хат алмасулар мен қосымшаларды қалпына келтіру үшін телефонды зерттеу жүргізілуде. Жалпы, әрбір осындай факт бойынша себептерін анықтау үшін қажетті тексерулер жүргізіледі", - деп хабарлады ІІМ.
Ведомствоның баспасөз қызметі Ішкі істер министрлігі заңсыз мазмұндағы материалдар мен ресурстарды анықтау және әрекет ету үшін желіні үнемі қадағалап отыратынын айтты. Жыл басынан бері 22 мыңға жуық заңсыз шетелдік интернет-ресурс анықталып, олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілгені хабарланды.
"Қазақстандықтардың суицидтік бағыттағы интернет-ойындарға қатысуы анықталған жоқ", - деп хабарлады ІІМ.
Еске салайық, 16 қыркүйекте Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен жетінші сыныпта оқитын екі қыздың денесі табылған еді. Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Кейін білім басқармасы мәлімдеме жасады. Ведомство тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайларын зерттеу үшін комиссия құрылғанын айтты.
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне хат жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164800-iim-almatyda-qaza-tapqan-oqushylardyng-telefonyn-tekseru-qorytyndysyn-zhariialady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.