jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы төленді

    Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы берілді
    Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы берілді. Фото: Polisia.kz

    Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға шамамен 7 миллион теңге төленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркістан облысында қару-жарақпен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өтіп жатыр.

    Бүгінгі таңда 90 азамат полиция органдарына 105 бірлік тіркелмеген қару, оның ішінде 94 бірлік тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырған. Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін оның түріне және техникалық жағдайына байланысты сыйақы қарастырылған. Сонымен қатар ішкі істер органдарына заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған 69 азаматқа 7 миллион теңге төленді.

    "Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

    Еске салайық, Түркістан облысының тұрғындары полицияға 100 қару тапсырғанын жазған едік.

    Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға сыйақы төленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.