Қызылордада жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының қолдауымен биылғы жылы Қызылордада ауқымды жобалар қолға алынып, сәтті жүзеге асырылуда.
"Автокөлік жолдары – елдің экономикалық және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің күре тамыры. Негізгі қалаларымыз бен аймақтарымыздың арасын сапалы жолдармен жалғау маңызды", - деген еді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы мақсатта Қызылорда қаласында тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін жолдар мен оның айналасын абаттандыруға жақсы мән берілуде.
Биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға 36 млрд теңге бөлінді. Оған 99 көшені салу, қайта жаңғырту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 54 көшеге жаяу жүргінші жолы салынып, 81 көше жарықтандырылуда. Бұдан бөлек, әуежайдан Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейінгі аралық, Шиелі ауданынан кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы кеңейтілуде. Ал, алдағы уақытта "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы "Қызылорда-Құмкөл" автомобиль жолын қайта жаңғырту көзделуде.
Әуежай жолы мен Шиелі кіреберіс жолдарына кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатса, Астанадан кіреберіс Сағымбаев көшесін қайта жаңғырту жоспарлануда.
Е.Көшербаев көшесі қайта жаңғыртылып, Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі жаңадан жол құрылысы салынды.
Қорқыт ата көшесінен көлік жолайрығына дейінгі бөлікті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 3,3 шақырым. Жобада жаяу жүргіншілер жолын және жарықшамдар орнату қарастырылған.
Айта кету керек, өткен жылы Қызылорда қаласында 11 млрд теңгеге 82 шақырым болатын 267 көше жөндеуден өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164911-qyzylordada-zhol-kolik-infraqurylymy-qarqyndy-damuda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.