Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда учаскелік инспектор полиция департаментін сотқа беріп, жеңіп шықты

Жарияланған күні:

Полиция қызметкері
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарда учаскелік инспектор тұрғын үй құқығын қалпына келтіріп, төлемдерін алу үшін полиция департаментін сотқа берді. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полиция учаскелік инспекторы Павлодар облысы МАӘС-на жүгінді.

Іс материалдарынан оның ішкі істер органдарында 2006 жылдан бері жұмыс істегені белгілі болды. Талап қоюшы қызмет еткен уақытында облыстың әртүрлі ауданында қызмет атқарған.

"Павлодар қаласына ауысқан кезде талап қоюшыны қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етпеген. Оның Қазақстан Республикасының аумағында жеке баспанасы жоқ. Осыған байланысты талап қоюшы тұрғын үй төлемдерін алу үшін полиция департаментіне жүгінген", - делінген сотта.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, полиция қызметкерінің қызмет орнында тұрғын үйі болмаса, оған тұрғын үй төлемдері тағайындалады. Алайда тұрғын үй комиссиясы талап қоюшы бұрын ауылдық жерде тұрғын үйді жекешелендіріп алғандықтан тұрғын үй төлемдерін тағайындаудан бас тартты.

Жоғарыда тұрған әкімшілік органның дәлелді ұстанымына сәйкес, бұл полиция қызметкеріне Павлодар қаласында қызмет өткерген жерінде тұрғын үйі болмағандықтан, оған тұрғын үй төлемдері тағайындалуы тиіс екендігі көрсетілген.

Павлодар облысының МАӘС шешімімен талап қою қанағаттандырылды.

Тұрғын үй комиссиясына тұрғын үй төлемдерін тағайындау бойынша міндеттеме жүктелді.

Сот әкімшілік органға жеке ұйғарым шығарды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164965-pavlodarda-uchaskelik-inspektor-politsiia-departamentin-sotqa-berip-zhengiske-zhetti/