Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы "Ақбақай" кен орнында жұмысшы көз жұмды

Жарияланған күні:

Жұмысшы каскасы
Каска. Көрнекі фото: pixabay.com

"Алтыналмас" компаниясы өкілдері 18 қыркүйекте "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде болған жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза болғанын мәлімдеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алтыналмас" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы 18 қыркүйекте "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде болған жазатайым оқиға салдарынан әріптесіміз, күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Нұрмаханов кенеттен қайтыс болғанын өкінішпен хабарлайды.

"Алтыналмас АК" АҚ Нұрдәулет Жексенұлының туыстары мен жақындарының, бірге жұмыс істеген әріптестерінің қайғысына ортақтасады", - делінген компанияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Алтыналмас АК" АҚ "Ақбақай" тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесарі болып тағайындалған.

"Ұжымда беделді, жұмыста бірбеткей мінезді болып, жауапкершілік пен кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті маман ретінде танытты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар "Алтыналмас АК" АҚ оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылғанын хабарлады. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.

"Алтыналмас АК" АҚ өкілдері қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін және тиісті төлемдер бойынша барлық міндеттемелерін орындайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, 18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы "Алтыналмас АК" акционерлік қоғамының тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жыныстары құлап, қайғылы жағдай болғанын жазған едік.

Қайғылы жағдайға байланысты компания өкілдері мәлімдеме жасап, оқиға орнына шұғыл түрде апаттық-құтқару жасағы жіберіліп, іздестіру-құтқару жұмыстары басталғанын хабарлаған еді. Олар тау жыныстарының қозғалысы мен күрделі географиялық жағдайларға байланысты құлау аймағына кіру айтарлықтай қиындық тудырып отырғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164999-aqbaqai-tau-ken-baiytu-kesheninde-zhumysshy-koz-zhumdy/