Тексерістен кейін Жамбыл облысы ПД бастығы мен оның төрт орынбасары қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы болған Арманбек Баймурзин мен оның төрт орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Ведомство ақпаратынша, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин және оның орынбасарлары Құрмет Мажикенов, Нұржан Рахметуллаев, Қанат Сматов, Бауыржан Удергенов, сондай-ақ ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алмас Қожашев қызметінен босатылды.
Еске салсақ Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы болған Арманбек Баймурзин әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты қызметінен уақытша шеттетілген болатын.
Видеода Баймурзин әдепсіз сөздер айтып, қарамағындағыларға айғайлап сөйлегені көрсетілген.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне қызметтік тергеу жүргізу кезеңінде полиция департаментінің басшысы уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165161-tekseristen-keiin-zhambyl-oblysy-pd-bastygy-men-onyng-tort-orynbasary-qyzmetinen-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.