Ақтөбеде бір отбасынан бес адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот отырысы басталды
Жарияланған күні:
Ақтөбеде бір отбасынан бес адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот отырысының алдын ала тыңдалымы болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша айып тағылған жүргізушінің ішкі істер саласының қызметкері екені айтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік жол апатының қалай болғаны айтылды. Бір отбасының бес адамы қаза тапқан қайғылы жол апаты биыл 26 тамызда болған еді
Сотталушы да, жәбірленуші тарап та туған бауырлар.
28 жастағы сотталушы Ойыл ауданы тұрғыны, білімі жоғары, Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері болған, бұрын сотталмаған. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген айып тағылды. Іс "Көлік құралын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабымен қаралып жатыр.
Айыптау актісінде прокурор жүргізушінің жол жүру ережесін қалай бұзғанын айтты.
"Ақтөбе облысы Қобда ауданында Volkswagen Polo маркалы автокөлігін шаршаңқы күйде басқаруға тыйым салынғанына қарамастан Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-тарауындағы жүргізушінің жалпы міндеттеріндегі 12-тармағында 2- тармақшасында көрсетілген жүргізушіге масаң күйде, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмар реакциясын және назар аударуды нашарлататын дәрі препараттарының әсірінен жол жүрісі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сырқат немесе шаршаңқы күйде көлік жүргізуге тыйым салынады деген талаптары өрескел бұзылды. Самара-Шымкент тасжолы бойымен Ақтөбе қаласы жағынан Қобда ауданына қарай бағытта келіп жатып, өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті зардаптар туғызуы мүмкіндігін алдын ала болжап, бірақ бұған жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен бұл зардаптың алдын алуға болатынын біліп, 648-шақырым маңында жолдың қарама қарсы бағытына шығу арқылы өз әрекетімен қылмыстық құқықбұзушылық. Жол жүру қағидаларының бірінші және үшінші тармағындағы Қазақстан Республикасы аумағында көлік құралдарының оң жақ қозғалыс белгіленген, сонымен қатар 9-тарауында көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, 60-тармақшасында ретсіз көлік құралдарына арналған жол жүру жолақтарының саны таңбалармен белгілермен айқындалған", - деді прокурор Әлия Тлеуова.
Іс материалдарына сүйенсек, Volkswagen Polo маркалы автокөлік қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде Volkswagen Polo автокөлігінде отырған 1974 , 1974, 2010 , 2015 жылы туған жолаушылар оқиға орнында қайтыс болды. Ал көлікте болған 5 жасар бала Қобда аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, есін жимай қайтыс болған.
Еске салсақ, дәрігерлер жол апатынан кейін ауруханаға түскен көлік жүргізушінің жағдайын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165235-aqtobede-bir-otbasynan-bes-adam-qaza-tapqan-zhol-apatyna-qatysty-sot-otyrysy-bastaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.