Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қылмыстық іс қозғалды": Түркістан облысында әкім орынбасары қызметкермен төбелесіп қалған

Жарияланған күні:

Ер адамдар
Ер адамдар. Көрнекі фото: wernerimages / Getty Images

Түркістан облысы Cайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында әкім орынбасары қызметкермен төбелесіп қалған. Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оtyrar.kz хабарлауынша, төбелес неден шыққаны және полицияға кім арызданғаны әзірге белгісіз. Дегенмен полиция департаменті бұл жайтты ресми түрде тіркеуге алған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалған. Барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы сөзге келіп, артынша төбелесіп қалған еді. Сот қаулысымен аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-тармағы бойынша (құқық бұзушылық жасалған сәттегі редакциясында) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсына 55 380 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165295-qylmystyq-is-qozgaldy-turkistan-oblysynda-akim-orynbasary-qyzmetkermen-tobelesip-qalgan/