Қазақстанда жұбайының келісімінсіз несие беруге салынған тыйым жартылай алып тасталуы мүмкін
Жарияланған күні:
Қазақстанда кәсіпкерлер үшін жұбайының рұқсатынсыз ресімдей алатын несиенің максималды сомасын ұлғайту мәселесі көтерілді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда несие берудің жаңа ережелері енгізілді. Оған сәйкес қазақстандықтар 1000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын сомада, яғни 2024 жылы 3 692 000 теңге көлеміндегі несиені жұбайының келісімінсіз ала алмайды.
Бұл ретте ережелерге бірден жеке кәсіпкерлерді (ЖК) бұл талаптан босататын түзетулер ұсынылды. Алайда қазір шектеулер ішінара сақталатыны белгілі болып отыр.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" порталында қаулы жобасын жариялады, оған сәйкес жеке кәсіпкер жұбайының келісімінсіз банктік қарыздарды ресімдей алады, егер олардың сомасы төмендегі сомандан асып кетпесе:
- 2 710 АЕК (10 005 320 теңге) – жұмыс істеп жатқанына 6 айдан аз немесе табысы жеткілікті түрде жоғары және тұрақты емес жеке кәсіпкерлер үшін;
- 27 000 АЕК (99 684 000 теңге) – 6 айдан астам жұмыс істейтін және төлем қабілеттілігін бағалаудан өткен жеке кәсіпкер үшін.
Осылайша, өздерін сенімді төлеушілер ретінде көрсеткен жеке кәсіпкерлер үшін жұбайларының келісімін алмай, 100 млн теңгеге дейінгі сомаға банктік кредиттерді еркін ресімдей алады.
Микроқаржы ұйымдарына келетін болсақ, олар 2 710 АЕК немесе 10 005 320 теңгеден асатын шағын несие алуға өтініш берген барлық жеке кәсіпкер жұбайының келісімін сұрауға тиіс.
Жоба 4 қазанға дейін талқылауға шығарылған. Бұл жаңа шектердің әлі күшіне енбегенін білдіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165335-qazaqstanda-zhubaiynyng-kelisiminsiz-nesie-beruge-salyngan-tyiym-zhartylai-alyp-tastaluy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.