jitsu gif

Маңғыстау облысында жаңа туристік қала салынады

Теңіз бен шағала
Теңіз бен ұшып бара жатқан шағалалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маңғыстау облысындағы Кендірлі демалыс аймағында туристік қала салынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің Telegram-дағы ақпаратына сүйенсек, Кендірлі курортты аймағында жылына 300 мың адамға дейін қабылдай алатын туристік қала салынады. Инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды.

"Кендірлі теңіз жағалауының ерекшелігі – шомылу маусымының ұзақтығы. Географиялық орналасуы да маңызды рөл атқарады. Ол өзінің бірегейлігінің арқасында туристерді тартуға ыңғайлы. Осыған байланысты президент Кендірлі туристік аймағын құру бойынша нақты тапсырма берді.

Біз тиісті инфрақұрылымы бар және туристерге қызмет көрсететін арнайы туристік қалашық салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Жаңаөзен қаласының негізгі жүктемесінің төмендеуіне жақсы әсер етеді", - деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.

Маңғыстау облысында жаңа туристік қала салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.