jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астана әуежайында 5 қазаннан бастап жұмыс тәртібі өзгереді

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

5 қазаннан бастап Астана әуежайы ұшу-қону жолағындағы жұмысын қайта бастайды. Бұған дейін жөндеу жұмыстарына байланысты шектеулер енгізілген еді, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ өкілдері ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталғанын хабарлады.

2024 жылғы 1 мамырда басталып, 24 желтоқсанға дейін жоспарланған жұмыс ерте аяқталған, сондықтан 5 қазан сағат 01:00-ден бастап әуежайдың ұшу-қону жолағы қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді.

Жөндеу жұмыстары кезінде әр түні сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және шығаруға арналған аэродром жабық болған еді.

"Жүргізілген жұмыстар барысында ауданы 26 746,64 м2 бас трассада асфальтбетон жабыны, сондай-ақ ауданы 53 920 м2 ұшу-қону жолағында асфальтбетон жабыны ауыстырылды. Қалған шағын жұмыстар ұшу жүйелілігіне әсер етпейді" ,- деп хабарлады елорда әуежайының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын бұған дейін вице-министр айтқан болатын.

Астана әуежайында 5 қазаннан бастап жұмыс тәртібі өзгереді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.