Таразда жаңбыр кезінде 13 бес қабатты үйді су басты
Жарияланған күні:
Таразда жаңбыр кезінде бірден 13 бес қабатты үйді су басты. Жақында ғана үйлердің шатыры ауыстырыла бастаған еді. Тұрғындар қазір келтірілген шығынды санап жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.
Таразда тұрғын үйлер жауын-шашын маусымына дайын болмай шықты. Нөсер жауынның салдарынан жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 13 көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен су өткен. Сорғалаған судан, әсіресе бесінші қабаттағы пәтерлер зардап шеккен.
Күзде шатырын жөндеуді бастап жатқан 53 көпқабатты үй бар болып шықты. Жауыннан кейбір үйден аққан су бірінші қабатқа дейін жеткен. Тұрғындардың сөзінше, оларға үлкен шығын келтірілген.
"Біріншіден, түсқағаздың бәрі түсіп қалды. Екіншіден, тұрмыстық техникамның бәрі күйіп кетті. Не жарық жоқ. ларым бәрі күйді. Тамақтың бәрі ертең бұзылады. Оның бәрін маған кім төлеп береді?! Адал еңбекпен тапқан айлығыммен үйімді жөндеттім, бәрін құртты!", - дейді Әлия Дәулетбаева.
"Тұрғын үй жөндеу Тараз" Серіктестігі мамандарының айтуынша, жауын-шашыннан барлық үй зардап шекпеген. Олар мердігерлерге алдын ала шатырды полиэтиленмен жаба тұруға кеңес беріпті. Алайда кейбір мердігер ескертуді елемеген. Енді пәтерге келген шығынды өтеу тапсырыс берушілерді тыңдамаған мердігерлерге жүктелмек.
"Мердігер мекемелер жалпы келген шығынды өз есебінен жөндеп беруге келісіп отыр. Жасалған келісімшартқа сәйкес, келтірілген шығынды өз есебінен орындауға міндеттеме алған", - "Тұрғын үй жөндеу Тараз" ЖШС директоры Алмат Радикұлы. Қазір келтірілген шығын есептеліп жатыр. Әкімдік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылған. Мамандар үйлердің шатырын жөндеу биыл екі айға кеш басталғанын айтады. Себебі шілде айына жоспарланған жұмыс қаражаттың уақтылы түспей қалуына байланысты тоқтап қалған.
Дереккөз: КТК
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167138-tarazda-zhangbyr-kezinde-13-bes-qabatty-uidi-su-basty/