jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарағандыда тұрғын үйдің кіреберісінен табылған сәбидің анасына қатысты іс тоқтатылды

    Нәрестенің аяғы. Көрнекі сурет
    Нәрестенің аяғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қарағандыда осы жылдың ақпан айында тұрғын үйдің кіреберісінен табылған жаңа туған нәрестенің анасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бала анасына қайтарылды. Өңірдің полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін, ол бойынша тоқтату туралы шешім қабылданғанын, прокурор қабылдаған шешімді бекіткенін хабарлады.

    "Баланы қайтару мәселесі полицияның құзыретіне жатпайды, бұл шешімді қамқоршылық және қорғаншылық органдары қабылдады", - деп атап өтті полицейлер.

    Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісінен жаңа туған нәресте табылғанын хабарлаған едік. жедел басқару орталығына ер адам телефон шалып, Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінде нәресте жатқанын хабарлаған.

    Оқиға орнына жеткен полицейлер жаңа туған ұл баланы тауып, үсік шалудан аман алып қалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.