Top.Mail.Ru

Зектілері

Қарағанды ​облысында 10 ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды

Жарияланған күні:

Табылған ер адам
Табылған ер адам. Фото: polisia.kz

Полицейлер жыл басында іс-түзсіз жоғалып кеткен 47 жастағы Қарағанды ​​қаласының тұрғынын тапты.Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Бұқар жырау аудандық полицияның учаскелік инспекторлары профилактикалық іс-шара барысында елді мекендердің бірінде белгісіз ер адамға назар аударған.

Тексере келе, оның осы жылдың басынан бері іздеуде жүрген 47 жастағы Қарағанды ​​қаласының тұрғыны екені анықталған.

Қаңтар айында жоғалған азаматтың туыстары әлеуметтік желіде оны іздестіру туралы хабарландыру жариялап, содан кейін полиция іс қозғаған.

Ер адамның айтуынша, ол осы он ай бойы облыстың бір өңірінде болып, таяуда Бұқар жырау өңіріне келген. Ол өзінің орналасқан жері туралы туыстарына хабарлаған жоқ. Қазіргі уақытта табылған адам Қарағанды ​​қаласына жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167593-qaragandy-oblysynda10-ai-buryn-zhogalyp-ketken-er-adam-tabyldy/