Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстан мен Қытай шекарасы жабылады

Жарияланған күні:

Шекара
Шекара. Көрнекі фото: pixabay.com

1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды.

"Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167768-aldagy-kunderi-qazaqstan-men-qytai-shekarasy-zhabylady/