Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аты жоқ ауыл: Ақтау іргесіндегі елді мекен халқы 20 жылдан бері үйін заңдастыра алмай жүр

Жарияланған күні:

ауыл
Ауыл көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында бірде-бір құжаты жоқ ауыл бар. Ақтаудың іргесінде орналасқан ауыл тұрғындары 20 жылдан бері тұрғылықты жерін заңдастыра алмай әлек болып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, аты жоқ мекенде еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін өркениеттен ада қалған. Қоғамдық көлік қатынамайды. Балалар оқитын мектеп те жоқ. Ресми құжаты, атауы да жоқ ауылда әсіресе қарттарға қиын. Себебі балтыры сыздап, қызуы көтерілсе, жедел жәрдем шақыра алмайды.

"Балалар мектепке қалаға барады. Автобус та жоқ. Көзім көрмейді. Басым айналады, бір жұма болды дәрігерге бара алмай отырмын", - деді ауыл тұрғыны Эльмира Расулова.

Тұрғындар амалдың жоқтығынан жарықтың ақысын заңды тұлғаның тарифімен төлейді. Ал газ құбырын жүргізейін десе, құжаттың жоқтығы тығырыққа тіреп отыр. Олар "әкімдікке бірнеше рет барғанымызбен мәселе ушықпаса, шешілетін түрі жоқ" дейді олар. Ал қаланың жер қатынастары бөлімінің басшысы құжаты жоқ ауылдың бар екенінен бейхабар болып шықты.

"Жақында тұрғындар арыз жазғанда ғана білдім. Бұл мәселені әкімдіктегі барлық бөліммен бірлесе қарастыру керек, шешеміз деп ойлаймын. Үйлер тұрған орын өндірістік аймаққа жатады. Сол себепті бас жоспарға өзгеріс енгізу керек. Бұл 2 ай уақыт алады", - деді Жер қатынастары бөлімінің басшысы Айдынбек Ұзақбаев.

Телеарна мәліметінше, Ақтаудан 4 шақырым жерде орналасқан бұл ауылға 1980 жылы түрме қызметкерлері қоныстанған. Солардың бірнешеуі ғана аталған аумақта түпкілікті табан тіреген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167872-aty-zhoq-auyl-aqtau-irgesindegi-eldi-meken-halqy-20-zhyldan-beri-uiin-zangdastyra-almai-zhur/