Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5000 теңге айыппұл": Аймағамбетов елордадағы ақылы автотұрақтар жұмысын сынға алды

Жарияланған күні:

Автотұрақ
Автотұрақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елордадағы ақылы автотұрақтар тұрғындардың наразылығын тудырып отырғанын айтты. Оның айтуынша, қоғамдық пайдалануға арналған орындарда тегін автотұрақтар санын көбейту керек. Депутат бұл туралы Telegram-дағы ресми арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Астанадағы көптеген әлеуметтік маңызы бар жерде ақылы автотұрақтардың енгізілуі, әсіресе Ботаникалық бақ сияқты орындарда, қала тұрғындарының наразылығын тудырып отырғанын айтты.

"Ақылы тұрақтар көк сызықтармен белгіленеді, ал тұрақтың бір сағаттық құны 100 теңгені құрайды. Егер жүргізуші белгі немесе таңбаны байқамаса, ол шамамен 5000 теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Қала әкімінің орынбасарының мәліметінше, осы жылдың 9 айында ақылы тұрақтардан түскен айыппұл сомасы 1,7 миллиард теңгеге жеткен.

Дегенмен бұл жүйенің қаржылық бөлігі сұрақтар тудырды. Әрбір 100 теңгеден 70 пайызы тұрақтарды басқаратын жеке компанияның үлесіне тиеді, ал 30 пайызы ғана қалалық бюджетке түседі", - дейді Аймағамбетов.

Ол бұл кірістердің бөлінуі комитет депутаттарының арасында қалалық бюджет пен қоғамдық мүдделерге сай келетін жүйе туралы сұрақтар туындатқанын жеткізді.

"Монополист компанияның иелері туралы ақпарат та сұратылды. Мұндай шаралар қала тұрғындарының наразылығын тудыруда. Қала бюджетіне бұл төлемдерден үлкенірек, кем дегенде 90 пайыз түсіп, сондай-ақ қоғамдық пайдалануға арналған орындарда тегін автотұрақтар санын көбейту керек деп санаймыз", - деп жазды депуттат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167966-5000-tengge-aiyppul-aimagambetov-elordadagy-aqyly-avtoturaqtar-zhumysyn-synga-aldy/