Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұстаздар күні гүл сыйлауға бола ма: министрлік ұстанымы жарияланды

Жарияланған күні:

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Үстаздар күні мұғалімдерге гүл шоқтарын сыйлауға қатысты ведомствоның ұстанымын мәлімдеді. Бұл туралы мемлекеттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның ұстанымын Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Мереке қарсаңында әріптестерден "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді.

Ұстаздар күні расында ерекше күн, мереке педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі.

Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру – біздің мұғалімдерімізге білдіретін алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр", - делінген баспасөз хатшысының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168266-ustazdar-kuni-gul-syilauga-bola-ma-ministrlik-ustanymy-zhariialandy/