Павлодар облысында мектепте оқушы қыз ойыншық тапаншамен ер баланың көзін жарақаттаған
Жарияланған күні:
Павлодар облысында оқушы қыз ойыншық тапаншамен абайсызда баланың көзінен атқан. Оқушы ойыншық оқтан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Павлодар облысының білім басқармасы өкілдері оқыс жағдай Железин ауданындағы мектептердің бірінде болғанын хабарлады. Бесінші сынып оқушысы ойыншық тапаншадан оқ атқанда, ойыншық оқ өтіп бара жатқан алтыншы сынып оқушысының көзіне тиген.
"Бұл факт бойынша дереу қызметтік тексеру жүргізіліп, соның барысында оқушылармен және ата-аналармен әңгіме жүргізілді. Жедел жәрдем қызметкерлері баланы қарап, облыстық балалар ауруханасына қосымша тексеруге жіберді", - деп хабарлады ведомство өкілі.
Ал Павлодар облыстық балалар ауруханасы өкілдері бала аруханаға өз бетімен келгенін атап өтті. Баланы аудандық емхана дәрігерлері қарап, облыс орталығына жіберген.
"Кезекші офтальмолог тексерді. "Көз алмасы зақымдалған, көздік шырықты қабығының сырылуы" диагнозы қойылды. Тұрғылықты жерінің қашықтығын ескере отырып, бала динамикалық бақылау үшін балалар ауруханасының офтальмологиялық бөлімшесіне жатқызылды", - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы өкілдері.
Оқиғадан кейін полицейлер де тексеру жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмаған қыздың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (Тәрбие және білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ оқиға болған мектепте кеңесі өткізіліп, бесінші сынып оқушысы есепке алынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168299-pavlodar-oblysyndagy-mektepte-oqushy-qyz-oiynshyq-tapanshamen-er-balanyng-kozin-zharaqattagan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.