Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор өкілі еліміздегі жемқорлық дендеген саланы атады

Жарияланған күні:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов еліміздегі жемқорлық дендеген саланы атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"2022-2023 жылдары білім саласындағы жемқорлықтан мемлекетке 17 млрд теңге шығын келген. Білім саласы ең таза сала болуы керек. Бұл, әрине, өкінішті жағдай. Мәселен, Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас бухгалтер, бірқатар мектеп директоры 4 млрд теңгеден астам қаржы ұрлаған. Тіпті, ұстаған кезде көліктен шамамен 1 млрд теңге табылды. Осыған ұқсас фактілерді өзге өңірлерде де анықтадық", - деді агенттік өкілі.

Оның сөзінше, білім саласындағы жемқорлықты жою үшін саланы цифрландыру керек.

"Адами факторды болдырмау үшін барлық процесті цифрландыру қажет. Іс-қағазды жүргізгенде манипуляция болмауы шарт. Қазір біз министрлікпен және әкімдіктермен түрлі ақпараттық жүйені енгізіп жатырмыз", - деді Сарқұлов.

БАҚ өкілдері қай өңірде жемқорлық жиі анықталатынын сұрады. Агенттік мұндай статистика жүргізілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, жемқорлық фактісі жеке қаралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168730-antikor-okili-elimizdegi-zhemqorlyq-dendegen-salany-atady/