Жалпыға бірдей декларациялау: қазақстандықтар шенеуніктер мүлкінің тізімін көре ала ма
Жарияланған күні:
Мәжіліс отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтан "Мемлекеттік қызметшілердің декларацияларын қазақстандықтар көре ала ма?" деп сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Ұлан Сарқұловтың айтуынша, шенеуніктер басқа да мемлекеттік қызметшілер сияқты декларация тапсырып жатыр. Мемлекеттік қызметшілер декларацияларының жариялылығына қатысты Сарқұлов Мемлекеттік кірістер комитеті мен салық органдары тиісті өзгерістерді енгізу бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол мемлекеттік қызметшілер декларацияны тұрақты түрде тапсырып жатқанын, бірақ олардың жария болуына қатысты кепілдік бере алмайтынын айтты.
"Мемлекеттік кірістер агенттігі, салық органдары бар. Цифрландыру заманында ештеңені жасырып қала алмайсың. Олар декларацияны тапсырып жатыр. Қазақстандықтар шенеуніктердің дүние-мүмкін көріп отыра алады деп кепілдік бере алмаймын. Декаларациялау бойынша сұрақтар әлі де талқыланып жатыр", - деді ол.
БАҚ өкілдері "2,4 млрд теңге тұратын вилла Антикордың бұрынғы басшысына тиесілі ме?" деп сұрады.
"Кім екеніне, қайда жұмыс істейтініне қарамастан, құқықтық баға беріледі. Осы мүлік декларацияланған болса, заңнамаға қайшы болмаса, жеке меншік құқығын сақтауымыз қажет", - деп қысқа қайырды ол.
Айта кетейік, бұған қоса Антикор өкілі мәжіліс кулуарда экс-министр Бекетаевтың ісі "Құпия" грифімен тергеліп жатқанын мәлімдеген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168739-zhalpyga-birdei-deklaratsiialau-qazaqstandyqtar-sheneunikter-mulkining-tizimin-kore-ala-ma/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.