Таяу Шығыстағы жағдайдан зардап шеккен немесе қаза тапқан қазақстандықтар бар ма
Жарияланған күні:
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Сыртқы істер министрлігінде арнайы штаб құрылып, ол қазақстандықтарға қажетті көмекті ұйымдастыру бойынша барлық жұмысты жедел түрде үйлестіріп келеді.
Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері де осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтары туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", - деді Айбек Смадияров.
Сонымен қатар Смадияров министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп, репатриациялық рейстерді пысықтау үшін ахуалға мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Израиль халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Иранда 3 қазанның таңына дейін барлық рейс тоқтатылды. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Ливандағы 100-ден астам шетелдік елшіліктің ешқайсы да өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Бұл тұрғыда Ливан билігі тарапынан да тиісті нұсқама болған жоқ. Сондықтан біздің азаматтарды эвакуациялау мәселесі әзірге пысықталуда және министрліктің ерекше бақылауында", - деді СІМ ресми өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168827-taiau-shygystagy-zhagdaidan-zardap-shekken-nemese-qaza-tapqan-qazaqstandyqtar-bar-ma/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.