Астанада мұғалім оқушы қыздарға тиісті деп айыпталды: полиция пікір білдірді
Жарияланған күні:
Елордадағы мектептердің бірінде жанжал шықты. Мұғалім жетінші сыныпта оқитын қыздарға тиісті деп айыпталып отыр. Бұл ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталған жағдай туралы жазба Instagram желісіндегі Astananews.kz парақшасында жарияланды.
"Ата-аналар ер адам сабақтан кейін бірнеше мәрте қыздарды алып қалғанын, сағат 21:00-ден кейін оларға WhatsApp желісі арқылы жазып, сезімін білдіргенін анықтады. Ол "Сен мендік боласың, мен сендік боламын" деп ашықтан-ашық аудиожазба жіберген",- делінген жарияланымда.
Cондай-ақ ата-аналар мұғалім жұмысқа мас күйінде келгенін айтқан. Оқиғаны естіген мектеп директоры оған өз еркімен жұмыстан кетуге мүмкіндік берген.
"Ата-аналар ол адам басқа мектепке жұмысқа орналасып, өз әрекетін қайталамасына кім кепіл деп алаңдайды. Олар директорға барып шағымданған, бірақ директор шу көтергісі келмейді. Ата-аналар бап бойынша жұмыстан босатуды және қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр", - делінген хабарламада.
Тағы бір жарияланымда қыздардың мұғаліммен жазысқан хаттарының, аудиожазбалардың скриншоттары көрсетілген.
NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін білім басқармасы мен Астана полициясына хабарласты.
"Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168842-astanada-mugalim-oqushy-qyzdarga-tiisti-dep-aiyptaldy-politsiia-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.