Қазақстан полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды
Жарияланған күні:
2 қазаннан бастап Ішкі істер органдарының жеке құрамы референдумға дайындық және оны өткізу кезеңіне қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды
Ведомствоның Polisia.kz ресми медиа-порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ішкі істер министрлігі республикалық референдумды дайындау және өткізу кезеңінде құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.
"2 қазаннан бастап Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылады. Мемлекеттік органдармен бірлесіп дауыс беруге арналған учаскелерді олардың техникалық нығаюы, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғалуы тұрғысынан комиссиялық тексеру жүргізіледі.
Бюллетеньдер жеткізілген сәттен бастап полиция қызметкерлері сайлау учаскелерінде қызмет етеді. Сайлау құжаттарын сүйемелдеуге полиция да тартылады", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі өкілдері.
Республика бойынша барлығы 33 мыңға жуық қызметкер қоғамдық тәртіпті қорғайды, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде болады.
Еске салсақ, бүгін алматылық полицейлердің де күшейтілген жұмыс режиміне көшкені туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168937-qazaqstan-politsiiasy-qyzmet-otkeruding-kusheitilgen-nusqasyna-auystyryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.