"Қазақстаннан шығарылды": ШҚО-да қос азаматтығы бар 50-ге жуық адам анықталды
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысында шамамен 50-ге жуық қос азаматтығы бар адам анықталды. Олардың тоғызы Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Шығыс Қазақстан облысында қос азаматтығы бар 48 адам анықталды. Олардың тоғызы сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа порталы.
Өскемен қаласының 59 жастағы тұрғыны 2021 жылдың мамыр айында көрші елдің азаматы болған, алайда бұл туралы заңнамада белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына хабарламаған.
Одан Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды. Заңды бұзғаны үшін ер адам 200 АЕК (738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл төлеген.
Еске салсақ, бұған дейін 54 жастағы Ресей азаматы соттың шешімі бойынша қос азаматтығы үшін Қазақстаннан шығарылғанын хабарлаған едік. Ол Ресей Федерациясының төлқұжатын маусымда алған болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168941-qazaqstannan-shygaryldy-shqo-da-qos-azamattygy-bar-50-ge-zhuyq-adam-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.