Отбасы банк "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша өткен қатысушылардың қосымша тізімін жариялады
Жарияланған күні:
9000 қазақстандық "Отау" мен "Наурыз" бағдарламаларының қатысушысы атанғаны туралы көптен күткен ақжолтай жаңалық естіді.
Өтініш берушілер мен "Отау" және "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ресми сайтында жарияланған.
Барлығы 25 623 өтінім өңделді.
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі Алматы (2 699) және Астана (2020) қалаларынан. Сондай-ақ көшбасшылар қатарында Шымкент қ. (781), Батыс Қазақстан (462) және Ақтөбе облыстары (401) бар.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша тізімге енген 9000 адамның 1 818-і – баспана кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысушылардың көпшілігі – 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар. Бұл 5 457 адам. Енді олардың әрқайсысы қолжетімді шарттар бойынша өз үйлерін сатып ала алады. Жас азаматтар үшін бұл үлкен көмек. Өйткені өз шаңырақтарының болуы оларға ертеңгі күнге деген сенімділік, қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздік береді. Баспаналы болған жас қазақстандықтарға болашақты жоспарлау, отбасын құру және мансабын дамыту оңайырақ.
Ең жас қатысушы – Шымкент қаласының тұрғыны Ермек Жарқынбек. Ол 25 қыркүйек 18 жасқа толған күні өтініш беріп, қатысушылар тізіміне өткен.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары бойынша жеңілдетілген заемдарды 63 жастан аспайтын қазақстандықтар ала алады. Қарағандылық Зәуре Оразбекованың айы оңынан туып, ол 64 жасқа толуына бір ай ғана уақыт қалғанда өтінім беріп, қатысушылардың қосымша тізіміне сәтті еніп үлгерген.
Қосымша тізімге қатысушылардың 48,8% - тұрғын үй сатып алу үшін республикалық маңызы бар қалаларды, 31,6% - облыстық маңызы бар қалаларды, 17,5% - аудандарды және 2,1% - моноқалаларды таңдаған.
3-18 қазан аралығында (қоса алғанда) бағдарламаларға қатысушылар несиелік өтінім беріп үлгерулері қажет. Оны Отбасы банк бөлімшелерінде, онлайн банктің ресми сайты немесе Баспана маркет порталында бейне-қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ 7 қазаннан бастап кеңесшілердің көмегімен жасауға болады.
Егер қосымша тізімге қатысушы заем бойынша мақұлдау алса, онда оған тездетіп, 29 қарашаға дейін (қоса алғанда) баспана тауып, оны сатып алу керектігіне назар аударамыз.
Ұпайлар қалай есептеледі?
- салым бойынша сыйақы мөлшері – әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
- тіркелген некенің болуы – 5 ұпай;
- балалардың болуы – 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы – 10 ұпай;
- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары:
- алғашқы жарна – 20%-дан бастап;
- тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
- азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
- несие мерзімі – 19 жылға дейін.
Бағдарламалар аясында тұрғын үй сатып алу бойынша келесі шарттар ұсынылады:
- алғашқы нарықтағы тұрғын үй, оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты және сақтандыру құралы бойынша;
- моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде екінші нарықтағы тұрғын үй.
Заемның ең жоғарғы мөлшері:
- Алматы мен Астана қалалары үшін – 36 млн теңгеге дейін.
- Қалған өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін.
Бағдарламаға қатысушы бастапқы тұрғын үйді Баспана маркет порталынан (otbasybank.kz) таңдап, брондай алады.
Қазіргі уақытта банк Баспана маркет порталында "Отау" бағдарламасына қатысушылар үшін де, "Наурыз" бағдарламасына қатысушылар үшін де тұрғын үй нысандарын белсенді орналастыруда. Қазір таңдауға 14 613 пәтерден тұратын 647 тұрғын үй кешені ұсынылған. Бұл тізім күн сайын толықтырылып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168944-otbasy-bank-otau-zhane-nauryz-bagdarlamalary-boiynsha-otken-qatysushylardyng-qosymsha-tizimin-zhariialady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.