Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл газсыз қалды

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Газ құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында су құбырын тарту кезінде жерасты газ құбыры зақымданды. Бірнеше ауыл мен ауылдық округ газсыз қалды, деп хабарлайды QazaqGaz Aimaq АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"QazaqGaz Aimaq" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 16:25-те Орал қаласында Жайық-2 ауылында су құбырын тарту кезінде жерасты полиэтиленді газ құбырының зақымдануы туралы хабарлама келіп түскен.

Газ құбырының зақымдануына сол маңға жақын жерде жұмыс істеп жатқан трактор жүргізушінің әрекеті әсер еткен.

"Төтенше жағдай тобының мүшелері газдың тарауына жол бермеу үшін желілік клапанды дереу жауып тастады. Апат салдарынан елді мекендерде 599 жеке сектордың тұтынушысы уақытша газсыз қалды: Жайық ауылында – 235 тұтынушы, Желаево ауылында – 179 тұтынушы, Хуторок ауылында – 112 тұтынушы, Дружба ауылында – 73 тұтынушы", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.

Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, газ құбыры қалпына келтірілді, газды қайта қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168958-batys-qazaqstan-oblysynda-birneshe-auyl-gazsyz-qaldy/