jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Су тасқынынан зардап шеккен БҚО тұрғыны әкімді сотқа беріп, баспанаға мұқтаж екенін дәлелдеді

судья
Судья. Көрнекі фото: pexels.com

Су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны аудан әкімінің үстінен арыз жазып, баспанаға мұқтаж екенін сот арқылы дәлелдеді. Бұған дейін комиссия оған баспана беруден бас тартқан, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудандық комиссия ауыл тұрғынына баспана беруден бас тартты. Комиссия мүшелері өз шешімін оның меншігінде басқа баспанасы болуымен негіздеді. Істің бұл нәтижесімен келіспеген ер адам сотқа жүгінген.

Сотта ол бұрын тұрған үйінен 2021 жылы тұруға жарамсыз болғандықтан отбасымен көшкенін көрсетті. Ол дәлел ретінде сотқа үйдің апатты жағдайда екендігі туралы техникалық қорытынды ұсынды.

Сот отырысында судья дәлел ретінде талапкер ұсынған техникалық есепті зерттеді.

"Тұрғын үй азаматтың меншігінде тіркелгенімен, комиссия шешім қабылдау кезінде оның сәулет-құрылыс нормаларына сәйкес келмейтінін, яғни апатты екенін ескермеген, сондықтан сот даулы шешімді заңсыз деп тануға толық негіз бар деген қорытындыға келді", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Осылайша, сот аудан әкіміне қатысты талапты қанағаттандырып, комиссия шешімін бұзды. Аудан әкімдігіне жол берілген бұзушылықтарды жою және талапкердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру тапсырылды.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Су тасқынынан зардап шеккен БҚО тұрғыны әкімді сотқа беріп, баспанаға мұқтаж екенін дәлелдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.