Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Антикор қызметкерлері" қазақстандықтарға әлі де WhatsApp арқылы хат жолдап жатыр

Жарияланған күні:

Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері тағы да үндеу жасап, қазақстандықтарды Антикор атын жамылған алаяқтарға сенбеуге шақырды. Бұл туралы агенттікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат таратып жатыр.

Ведомство мәліметінше, алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттар, хабарламалар және файлдар жасап, таратуда.

"Жалған ақпараттарға сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды өтінеміз.

Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері алаяқтар мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) агенттік басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат таратып жатқанын ескерткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169537-antikor-qyzmetkerleri-qazaqstandyqtarga-ali-de-whatsapp-arqyly-hat-zholdap-zhatyr/