Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шеге жұтқан": Шымкентте сотталушылар наразылық білдіріп жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Түрме
Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкенттегі түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеушілер наразылық танытып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz басылымының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Otyrar.kz хабарлауынша, бірнеше сотталушы наразылық ретінде денесіне жарақат салып, шеге жұтқан көрінеді. Олардың туыстары медициналық көмек көрсетілмей жатқанын айтып назын жеткізді.

"Таңертең келгенбіз, қазір кеш болды. Біреуі келіп көмек көрсетпейді. Іште не болып жатқанын да айтпайды. Ағам ішінің бәрін тіліп тастаған. Шеге жұтқан, шегесін де алмайды. Ешкім көмектесіп жатқан жоқ. Біз көмек сұраймыз. Қазір 4 азамат шеге жұтқан. Біреуінің ішін іріңдетіп жарып шыққан. Ол қазір іште жатыр", - деді сотталушылардың бірінің жақыны.

Ал мекеме басшылығы бұл шындыққа жанаспайтынын айтты. Олардың сөзінше, сотталушыларға медициналық көмек көрсетілген. Сонымен қатар жауаптылар тиісті емдеу шарасы мен қызметтік тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Орын алған дерек бойынша біз дереу жедел жәрдем шақырдық. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Көмектеспеді деп наразылық актілерін жасадым деп бізге хабар берді ғой. Осы факт бойынша қазір тексеріс амалдары жүргізіліп жатыр", - деді мекеме бастығы Бақытжан Нысанбаев.

Тағы бір жазасын өтеушінің туыстары сотталушыға медициналық көмек көрсетілмегендіктен, термометр жұтып ауруханада жатқанын жеткізді. Әзірге оның жағдайы белгісіз. Бұл фактіге қатысты денсаулық сақтау басқармасына арнайы сұраныс хат жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169669-shege-zhutqan-shymkentte-sottalushylar-narazylyq-bildirip-zhatyr-video/