Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда дауыс беру басталды

Жарияланған күні:

Референдум
Референдумда дауыс беру. Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы 496 учаскелік комиссия жұмыс жасауда. Конституциялық заң аясында қабылданған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталды. Батыс Қазақстан облысында барлығы 496 учаске жұмыс істеп тұр. Бұл туралы БҚО аумақтық референдум комиссиясы хабарлады.

2024 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны – 444 428 адам.

Референдум
Референдумда дауыс беру. Фото: БҚО әкімдігі

"Облыс тұрғындарына референдумға қатысу үшін шақыру билеттері дайындалып, таратылды. Референдумның учаскелік комиссиялары барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін жағдайлар жасалған. Референдумның барлық учаскелері 1-қабатта орналасқан. Дауыс беру күні мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштамалар ұйымдастыру, қажет болған жағдайда сурдоаудармашыларды, инватакси қызметі жұмыс істеп жатыр", - дейді №268 сайлау учаскесінің төрағасы Алтынгүл Қайырлиева.

Референдум
Референдумда дауыс беру. Фото: БҚО әкімдігі

Бүгін учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170255-batys-qazaqstanda-dauys-beru-bastaldy/