Тоқаев Ақордада бірқатар кездесу өткізді
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Дәурен Қосановты қабылдады.
Кездесуде мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2170276-toqaev-aqordada-birqatar-kezdesu-otkizi/