Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АЭС құрылысы бойынша референдум: қазақстандықтардың қанша пайызы дауыс беріп үлгерді

Жарияланған күні:

Дауыс беру
Дауыс беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу белсенділігі туралы мәлімет берді. Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша халықтың 17,79 пайызы дауыс берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 17,79 пайызы бюллетень алған.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 15,36 %

2. Ақмола облысы бойынша – 17,18%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 19,21 %

4. Алматы облысы бойынша – 16,31 %

5. Атырау облысы бойынша – 17,11 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 16,43 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 16,19 %

8. Жетісу облысы бойынша – 18,08 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 30,63 %

10. Қостанай облысы бойынша – 16,90 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 20,91 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 16,45 %

13. Павлодар облысы бойынша – 14,04%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,83%

15. Түркістан облысы бойынша – 18,56 %

16. Ұлытау облысы бойынша 17,40 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 17,85 %

18. Астана қаласы бойынша – 24,08%

19. Алматы қаласы бойынша – 8,66 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 19,56 %.

Сондай-ақ азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 107 учаскеде дауыс беру аяқталған. Келесі жедел ақпарат сағат 12.05-те берілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170404-aes-qurylysy-boiynsha-referendum-osk-sagat-10-00-degi-malimetterdi-zhariialady/