Бейбіт Исабаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Жарияланған күні:
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге АЭС құрылысы мәселесі бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Өңір басшысы Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді.
"Бүгін тарихи маңызы бар күн. Конституцияға сәйкес мен де өзімнің құқығымды пайдаланып, сайлау учаскесіне келіп, даусымды бердім. Өзімнің таңдауымды жасадым", - деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Айта кетейік, Жетісу облысында 463 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істейді. Өңірдегі сайлаушылар саны - 442 мыңнан астам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170437-beibit-isabaev-aes-boiynsha-referendumda-dauys-berdi/