jitsu gif

Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде ауа райы бұзылады

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 8-10 қазан аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейетінін ескертті. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аптаның басында Қазақстанның басым бөлігіне антициклон сілемі әсер етеді, күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу аудандарынан циклон әсер етеді, ол найзағаймен жаңбыр әкеледі; 9-10 қазанда батыста қатты жаңбырдың жауады деп болжанды.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.

Республиканың батысында ауа температурасының күндіз 12-18-ге дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17-ге дейін төмендеуі болжанады, ал қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі қалаларындағы ауа райы болжамын жариялаған еді.

Болжам бойынша, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 24 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,4 м/с деңгейінде болмақ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.