Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйдегіден де керемет": Home Credit Bank Алматыдағы жаңа бас кеңсесін көрсетті

Жарияланған күні:

Новый головной офис Home Credit Bank в Алматы
Фото: Home Credit Bank

3 қазанда Home Credit Bank-тің жаңа бас кеңсесі салтанатты түрде ашылды. Сегіз қабатты жаңа банк ғимараты қызметкерлеріне өзін үйдегідей сезіну үшін жасалған. Ашық кеңістік, жылы атмосфера, заманауи жиһаз және көптеген демалыс орны жаңа кеңсені ерекшелеп тұр. Кеңсені бірінші болып банк серіктестері, журналистер мен блогерлер бағалады, деп хабарлайды банк өкілдері.

Home Credit Bank кеңсесі дәстүрлі банкке қарағанда технологиялық компанияға ұқсайды. Оны тіпті кеңсе емес, көп функциялы кеңістік десе болады.

Банктің әлеуметтік өмірінің ортасына айналатын ғимаратты табуға көп уақыт қажет болды. Ол бірнеше талапқа сай болуы керек еді. Біріншіден, орналасқан жеріне мән берілді - жаңа кеңсе бұрынғы ғимаратқа жақын орналасуы керек еді, өйткені оның жанында көптеген қызметкер тұрады. Екіншіден, штабты қызметкерлердің тілегіне сай етіп жасау үшін оның ауданы 6 мың шаршы метрден астам болуға тиіс. Команданың жайлылығы үшін не маңызды екенін білу мақсатында сауалнамалар мен байқау өткізілді, осылайша қызметкерлер жаңа "үйді" таңдауға белсенді түрде қатысты.

Екі жылдан кейін жоғарыдағы талапқа сай ғимарат табылды. Жобаны банк иелерімен келісу керек болды. Акционерлер қазақстандық банкке үлкен, кең және жайлы штаб қажет екенін түсініп, бұл идеяны қолдады. Төрт айға созылған жөндеуден кейін Home Credit Bank қызметкерлері жайлы бас кеңсесіне орналасты.

Открытие нового головного офиса Home Credit Bank в Алматы
Фото: Home Credit Bank

Аумағы 11 мың шаршы метр болатын штаб-пәтер open space форматында, қалқасыз және ойластырылған интерьерде жабдықталған. Тіпті топ-менеджерлер де жеке кеңсесіз қалды. Алғашында бұл идея көптеген сұрақ туындатты, бірақ осы жерге көшкеннен кейін бұл ең жақсы шешім екені белгілі болды: бюрократия және кедергілердің орнына ашықтық, достық пен қарым-қатынаста қарапайымдылық пайда болды. Банк басшылығын дәлізде немесе жұмыс орнында ғана емес, асханада немесе кафетерийде түскі ас кезінде жолықтыруға болады. Топ-менеджерлердің ашықтығы оларға барлық мәселені тез шешуге және қызметкерлермен тұрақты байланыста болуға мүмкіндік береді.

Новый головной офис Home Credit Bank в Алматы
Фото: Home Credit Bank

Кеңседе келіссөздер жүргізуге арналған үлкен конференц-залдар пайда болды, ал шағын, бір орындық алаңқайлар жеке мәселені құпия талқылауға мүмкіндік береді. Жаңа кеңсе тек жұмыс орны ғана емес, мұнда қызметкерлер бос уақытында спортпен айналысуына, кітап оқуына, ойнауға және әріптестермен әңгімелесуіне болады. Осы мақсатта ғимаратта арнайы алаңдар қарастырылған.

Сегізінші қабатта спорт залы мен топтық сабақтарға арналған зал, намазхана, бейнеконтент жазу студиясы, демалуға және PlayStation ойнауға арналған демалыс аймағы болады.

"Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және олардың жұмыстағы жағдайын жақсартуға ақша жұмсаймыз. Біз бұл кеңсені жалға алу үшін бұрынғыға қарағанда бірнеше есе көп қаржы төлейміз. Бірақ мұндай инвестиция бізге қажет. Біз қызметкерлерді күнделікті кеңсеге келуге мәжбүрлегіміз келмейді. Оларға күн сайын кеңсеге барып-келу жағымды әсер қалдырғанын және жайлы болғанын қалаймыз. Біздің жаңа кеңсе осындай орынға айналады деп үміттенемін, өйткені біз оны "Үйден де жақсырақ" ұранымен құрдық. Мұнда жұмыс пен демалысқа арналғанның бәрі бар – ойын алаңдары, заманауи жиһаздар, асхана, кафетерий, кездесу орындары. Біздің "Қуана көмектесеміз" деген стратегиямыз қоғамға және біздің қызметкерлерге пайдасын тигізуге бағытталған", - деді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Банк басшысы осы кеңседе қызметкерлер одан әрі бақытты, өмірі қызығырақ әрі бай болады деп сенеді.

Новый головной офис Home Credit Bank в Алматы
Фото: Home Credit Bank

Жаңа ғимарат қауіпсіздіктің барлық талабына сай келеді, сонымен қатар электр көліктері мен скутерлерді қуаттайтын жеке автотұрақтың болуы үлкен артықшылық болып отыр.

Банктің жаңа бас кеңсесі Алматы қаласы Шашкин көшесі 1/1 мекенжайында орналасқан, мұнда 1100-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.

Home Credit Bank жеке тұлғаларға да, шағын және орта кәсіп иелеріне де қаржылық шешімдер ұсынады. Банк күнделікті қаржылық тапсырмаларды орындауға арналған барлық операция түрін ұсынады: тиімді кэшбэкпен дебеттік карталар, ыңғайлы несие өнімдері, ақысыз төлемдер мен аударымдар, 18 пайызға дейінгі мөлшерлемемен депозиттер, бүкіл әлем бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып ала алуға мүмкіндік беретін OZEN бөліп төлеу картасы және интернетте бөліп төлеу (0-0-6).

Новый головной офис Home Credit Bank в Алматы
Фото: Home Credit Bank

Цифрлық қызметтер – тұтынушылармен өзара әрекеттесудің маңызды арнасы. Өткен жылы Home Credit Bank шағын және орта бизнеске арналған HCB Business цифрлық банкін іске қосты, сонымен қатар жеке тұлғаларға арналған жаңа Home.kz мобильді қосымшасын ұсынды.

Home Credit Bank – Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк. Ол PPF Group халықаралық холдингінің құрамында. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк активтері 2024 жылдың сегіз айында 160 млрд теңгеге артып, 960 млрд теңгеден асты. Осы уақыт ішінде банктің несие портфелі 123 млрд теңгеге ұлғайып, 737 млрд теңгеге жетті. Клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) депозиттерінің көлемі 2024 жылғы тамыз айының соңында 476,6 млрд теңге болды, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 111 млрд теңгеге артық.

*2022 жылғы 17 тамыздағы № 1.2.36/40 лицензия, Қазақстан Республикасы ҚНРДА берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171143-uidegiden-de-keremet-home-credit-bank-almatydagy-zhanga-bas-kengsesin-korsetti/