Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қандай жағдайда қайтарылуы мүмкін: вице-премьер жауап берді

Жарияланған күні:

Смарт сағат
Смарт сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында бірінші вице-премьер Роман Склярға "Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қандай жағдайда қайтарылуы мүмкін?" деген сауал қойылды. Вице-премьер бұл даулы сұрақ екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Роман Скляр қазақстандықтардың барлығы елдегі жаңа уақыт белдеуіне наразылық білдірмейтінін, керісінше кейбіреулер қазіргі уақыт белдеуін құптайтынын атап өтті.

"Мысалы, Ташкент Шымкентке жақын орналасқан. Бұрын бір сағаттық айырмашылық болды, қазір уақыт айырмашылығы жоқ. Бұл біреуге қолайлы, кейбіреулер үшін ыңғайсыз. Мысалы, мен ерте тұруға үйренгенмін, маған жақсы болды. Көп ұйықтайтындар үшін бұл ұнамауы мүмкін. "Қарсы болатындар" мен "қолдайтындарды" таразылау керек. Менің ойымша, мұның із жүзінде қалай болатынын әлі де күту керек", - деді Скляр.

Вице-премьерге қысқы және жазғы уақыт бойынша сағат ауыстыру тәжірибесін енгізу жөнінде де сұрақ қойылды.

"Кейбір қазақстандықтар үшін, керісінше, қысқы және жазғы уақытта сағат ауыстыру қолайсыз шығар. Бұл – даулы мәселе", - деп жауап берді Роман Скляр.

Еске салайық, бұған дейін Amanat партиясының депутаттары Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуін оралып, біртұтас уақыт белдеуіне ауыспас бұрын "бәрін мұқият зерделеу керек" деп мәлімдеген болатын.

Кейін вице-премьер Тамара Дүйсенова депутаттардың мәлімдемесіне түсініктеме беріп, "үкімет олардың ұсыныстарды қарайтынын" айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171461-qazaqstanda-buryngy-uaqyt-beldeui-qandai-zhagdaida-qaitaryluy-mumkin-vitse-premer-zhauap-berdi/