Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынтағымен ұрып, қылқындырған": Шымкентте әйеліне қол көтерген азамат жазаланды

Жарияланған күні:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шымкентте азаматтық некедегі жұбайына қол көтерген азамат 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қ.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Сотталушы ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша айыпталған.

"Қ. азаматтық некедегі жұбайы Э.-мен жанжалдасу кезінде, оң қолының шынтағымен ұрып, мойнынан қылқындырып, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген.

Прокурор сотталушыға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші сотталушыға кешірім бермейтінін айтып, шешімді соттың қарауына қалдырды. Ал сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

"Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның өзінің кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін, ал жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты", - делінген хабарламада.

Сот Қ.-ны ҚК-нің 108-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171476-shyntagymen-uryp-qylqyndyrgan-shymkentte-aieline-qol-kotergen-azamat-zhazalandy/