Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда мүгедектік рәсімдеп беремін деп адамдардан ақша алған алаяқ ұсталды

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі фото: Polisia.kz

Түркістан қаласының полицейлері алаяқтық жасаған жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті ер адам танысының сеніміне кіріп, мүгедектікке шығарып беремін деп алдын ала ақша алған. Осылайша 8 адамды құрығына түсіріп, 3 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Полицейлер күдікті ер адамның жәбірленушілерден алған ақшаны жеке басына жұмсап жібергенін анықтады. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдағанын жазған едік. Осылайша ол 32 млн теңге тапқан. Алаяқ ұсталып, қазір қамауда отыр.

Cондай-ақ Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Ол 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Қазір фигурант ұсталып, сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171697-turkistanda-mugedektik-rasimdep-beremin-dep-adamdardan-aqsha-algan-alaiaq-ustaldy/