Елімізде алдағы күндері күн суытады
Жарияланған күні:

10-12 қазан аралығында Қазақстан бойынша ауа температурасының төмендеуі, сондай-ақ қатты жауын-шашын, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды
10 қазаннан бастап циклон батысқа, одан кейін Қазақстанның қалған бөлігіне әсер етеді. Онымен бірге жауын-шашын болады, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар),
15-29 м/с дауыл желінің күшеюі, қарлы боран мен көктайғақ болады. Республиканың оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағаймен жаңбыр жауып, таулы аудандарда қатты жаңбыр мен тұман күтіледі.
Аптаның соңына дейін ауа температурасы төмендейді деп болжануда, батыста күндіз 5-13 градусқа дейін, оңтүстікте 20 градус жылы, Қазақстанның солтүстігінде 1-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 2 градус жылы, республиканың орталығында және шығысында 5-13 градус жылы, елдің оңтүстігінде 7-12 градус жылы.
Еске салайық, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталатынын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172132-elimizde-aldagy-kunderi-kun-suytady/