Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 10 күн бойы іздестірілген ер адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Өзен
Өзен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Құтқарушылар қыркүйектің 28-і күні балық аулауға шығып, содан кейін отбасымен байланысқа шықпаған ер адамның денесін тапты. Бұл туралы Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында 28 қыркүйекте жоғалған Лисаков тұрғынын іздеу аяқталғаны хабарланды. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметтері бойынша, ер адамның денесі Б. Майлин ауданындағы Тобыл өзенінің жағасынан 250 метр қашықтықта суда табылған. Құтқарушылар денені судан шығарды.

Ведомствода 10 күн бойы іздеу жұмыстары Б.Майлин ауданы мен Лисаковск қаласындағы Тобыл өзенінің жағалау сызығында және су астында жүргізілген. Полиция мен құтқарушыларға тұрғындар көмектесті.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданында әкесі екі баласымен және туысымен суға батып кеткені туралы жазған едік. Ер адам балаларды құтқаруға тырысқан, бірақ өзі де қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172330-qostanai-oblysynda-10-kun-boiy-izdestirilgen-er-adamnyng-denesi-tabyldy/