Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Қожаев жаңа қызметке тағайындалуы туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

МаратҚожаев фото
Марат Қожаев. Фото: NUR.KZ / Бақытжан Отарбаева

Жаңадан сайланған сенат депутаты Марат Қожаев кулуарда БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, қызмет ауыстыруы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұрын ІІМ басшысының бірінші орынбасары болған Марат Қожаев жаңа қызметте министрлікте жинаған тәжірбиесіне сүйеніп, құқық қорғау саласындағы мәселелерді көтермек.

"Мемлекет басшысы мені осы қызметке жіберді. Мен әскери қызметтегі адаммын, офицер ретінде "құп болады" деп жауап беруім керек. Осы жерде құқық қорғау органдарында жинаған тәжірбиемді қолданамын. Құқық қорғау, сот саласындағы мәселелерді көтереміз. Өздеріңіз де осы мәселелерді көтеріп жүрсіздер, білесіздер. Мемлекет басшысы жолдауында халықтың әл-ауқатын мемлекет үшін ең маңызды екенін айтты. Мен де әріптестеріммен бірге осы мәселелерді көтеремін", - деді ол.

Еске салсақ, Марат Қожаев таяуда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылған еді. Артынша президент жарлығымен сенат депутаты болып тағайындалды.

Марат Қожаев бүгінгі сенат отырысында ант берді. Ол комитеттердің бірінің құрамына сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172501-marat-qozhaev-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaluy-turaly-pikir-bildirdi/