Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтауды сұрады": Денис Теннің өліміне қатысты апелляцияның мән-жайы белгілі болды

Жарияланған күні:

Денис Тен
Денис Тен: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Жоғарғы сот Денис Тенді өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың шағымдарын қарау бойынша мәлімет жариялады. Сотталғандар ақтауды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ құзырлы органға сілтеме жасап.

"Бірінші сатыдағы соттың 2019 жылғы 17 қаңтардағы үкімімен А.Б.Құдайбергенов пен Н.Д.Қиясов алдын-ала сөз байласып, жәбірленуші Д.Теннің мүлкін жымқырғаны, ұрлық жасағаны, сондай-ақ, оны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын (Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігінің 1-4 тармақтары, Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7-8 тармақтары). Апелляциялық сот бұл үкімді заңды күшінде қалдырған", - делінген хабарламада.

Жоғарғы Сот 2024 жылғы 10 қазанда аталған сот актілерінің заңдылығын және негізділігін тексерді, оның қорытындысында оларды қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты сотталғандардың адвокаты келтірген өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беруден бас тартылды.

Адвокат өтінішхатында сотталғандарды ақтауды немесе олардың адамды өлтіру деп сараланған әрекеттерін (Қылмыстық кодекстің 99-бабынан), абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген әрекет ретінде Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қайта саралауды сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172765-aqtaudy-surady-denis-tenanyng-olimine-qatysty-apelliatsiianyng-man-zhaiy-belgili-boldy/